"Жек көремін": журналист ажырасқан әйелдерді "қоғамның соры" деп атады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 31 тамыз, 2023

Ол күйеуіне шыдап, отбасыны сақтап қалуды дұрыс санаған.

Қазақстандық журналист Меруерт Әйтенова "Көреміз" бағдарламасында айтқан пікірі үшін сынның астында қалды, деп Turkistan Today хабарлайды Inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Ажырасқан әйел - бақытсыз әйел, бақытсыз ана. Егер бәріміз жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете беретін болсақ, не болады? Сендер, мына ажырасқан әйелдер, қоғамның сорысыңдар. Мен жеке өзім ажырасқан әйелдерді жек көремін. Олардың қасында отырғым келмейді. Мен сияқты млн-даған әйел бар. Отбасын ұстап, қандай күйеу болса да көніп отыр. Олар ажырасқан әйелдермен бір дастарханда отырғысы келмейді", деді Меруерт Әйтенова. 

Ажырасқан әйелдерді қоқысқа теңегені үшін НеМолчиKZ қорының басшысы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі оны сотқа беруге шақырды.

Дина Таңсәрі әйелдерді қорлаған журналистің сөзіне шамданды.

"Бұл ханымның көздері ашу мен кекке толы, ал қарама-қарсы жақта көзінде оты жоқ, өмірден қажыған қыздар отыр. Бұл әйел келіп, мұндай айыптаулармен оларды одан сайын өшіруде”, – деді қоғам белсендісі.  

Ол Әйтенованың үстінен шағымданып, сотқа арыз жазуға шақырды.

824

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.