Жетісуда сегізінші сынып оқушысы мұғалімді ұрып тастады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 17 сәуір, 2023

Жетісу облысында мектеп оқушысы мұғаліммен төбелесіп қалды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп TurkistanToday  хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған оқиға 14 сәуір күні Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласындағы Фрунзе атындағы мектепте болған.

Сабақ арасындағы ұзақ үзіліс кезінде мұғалім мен оқушы арасында кикілжің туындаған. Ұстаз оқушыға ескерту жасаған, ал бұл жайт балаға ұнамаған көрінеді.

Мұғалім аурухананың көмегіне жүгінбеген, полиция қызметкерлеріне арыз жазудан бас тартқан. Ауданның прокуратурасы мектепте профилактикалық жұмыс жүргізді. Ал оқушының ата-анасы баласын басқа аудандағы мектепке ауыстыру туралы шешім қабылдады. Жауапты мекемелер оқиғаны қадағалауға алды, - деп жазылған Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, мұғаліммен жаға ұстасқан оқушы 8 сыныпта оқиды.

2.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.