El.kz ақпарат агенттігі жыл басынан бері елімізде қабылданған заңдарды еске түсіріп көрмек, деп хабарлайды Turkistan Today.
Биыл маусым айында самокат тізгіншілеріне қатысты бірнеше заңдар легі қабылданды. Заңға сәйкес, электросамокатпен 18 жасқа толған азаматтар ғана жүре алады. Сонымен қатар кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі, дулыға (шлем), ал қараңғы уақытында үстінде жарық шағылыстыратын зат болуға тиіс. Электросамокатқа тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
Заңда шағын электр көлігі мен электросамокат жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген. Ал, ереже бұзылған жағдайда:
Электросамокат жүргізушілері ереже бұзса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін 5 АЕК – 17 250 теңге), жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын барлық басқа талаптарды бұзғаны үшін (620-бап – 5 АЕК) жазаланады.
10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері» туралы заңға қол қойды. Заң арқылы әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушылар, блогерлер мен инфлюенсердің жарнамадан табатын «нәпәқасын» ашып, ғаламтордағы контенттерді реттеу мүмкіндігі пайда болды. Заң демеушілік жасалған контенттерді, пабликтер мен олардың модераторларын, инфлюенсерлерді, онлайн-жарнамаларды, таргет жарнамаларды, хабарлама алмасатын мессенджерлерді, желідегі аккаунттарды қадағалайды.
Заңға сай, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі онлайн-платформаларға мониторинг жүргізеді. Министрлік интернеттегі қандай да бір контент не жарнама заңға сай емес деп тапса, авторына бес күннің ішінде «заң бұзушылықты» жоюды талап етеді. Екінші тарап министрліктің талабымен келіспесе үш күннің ішінде қарсы шағым түсіре алады. Заң бойынша, Қазақстан билігі «талапқа сай емес» деп тапқан контентті онлайн-платформалар жоюы тиіс. Жалған ақпаратты орналастыратын немесе тарататын онлайн- платформаларды пайдаланушылар үшін – 20 АЕК, ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауаптылық енгізіледі.
Аталған заңға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 шілдеде қол қойды. Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.
Заңда активтерді қайтарудың ерікті немесе мәжбүрлі тәртібі көзделген.
Ерікті қайтару адамдардың өздеріне тиесілі мүлікті мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы келісімдер жасасу арқылы (яғни арнаулы мемлекеттік қорға) өтеусіз беруі жолымен жүзеге асырылады.
Заңды мақұлдау нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, заңсыз иемденілген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру, активтерді заңсыз сатып алуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою қамтамасыз етілмек.
Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.
Заң жобасы радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, бұрынғы ядролық полигонның жерлерін пайдалану және оның аумағын оңалту мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жерлерін құруды көздейді.
«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заңда мына мәселелер қарастырылған:
Бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес жерлерде «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы» арнаулы аймағын құру;
Радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;
Полигон аумағындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағын оңалту;
Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу.
Осы заң аясында сенатор Ольга Булавкина мынадай мәлімдеме жасады:
Заңды қабылдаудағы маңыздылығына тоқталсақ, оны жүзеге асыру нәтижесінде ядролық сынақ полигонының радиоактивті ластанған аумақтары мен ластанбаған жерлері ажыратылады. Ластанбаған алқапты ауыл шаруашылығына арналған жерлердің санатына енгізуге болады. Бұл тұрғыда 1 миллион гектар жер ескерілген.
«Кәсіптік біліктілік туралы» Заң жобасының негізгі мақсаты – азаматтардың кәсіптік дәрежесін тану тәртібімен байланысты қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыру. Біліктілікті тану орталықтары азаматтардың кәсіптік деңгейін тану үшін олардың құзыреттерін растайтын сертификаттар береді. Бұл санатқа азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мамандықтар жатады. Ал, мемлекет тарапынан реттелмейтін кәсіптер үшін сертификаттау ерікті болмақ.
Тәуелсіз сертификаттау жүйесі оқу орындарының түлектері мен бос лауазымға үміткерлер үшін «катализатор» болады, сондай-ақ әрбір маманға өз құзыреттерін нақты бағалауға, дағдыларын құжат түрінде растауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сертификат жұмысқа қабылдау кезінде кейбір мамандықтар бойынша негізгі құжатқа айналады. Бұл ретте формальды және баламалы білім беру процесінде алынған құзыреттер бағаланатын болады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова түсінідіріп өткендей, тәуелсіз бағалаудан өткен түлектердің қолында нақты мамандығы бойынша кәсіптік даярлықтан өткенін растайтын диплом және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыланғанын растайтын сертификат болады. Бір сөзбен айтқанда, сертификаты бар түлектерді жұмыс берушілер жұмыс өтілін талап етпей-ақ жұмысқа алуға мүмкіндігі ашылады. Сондай-ақ, ерікті сертификаттаудан әртүрлі үйірмелер, тренингтер немесе өз бетінше оқу арқылы жұмысшы мамандығын игерген адамдар да өте алады. Бұл жағдайда сертификат жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа қабылдау кезінде негізгі құжат бола алады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.