Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерде екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің соңғы жазбасы белгілі болды, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде жұмыс істеген 31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен, үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған. Ертеңіне, жалдамалы пәтерде 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтіргені белгілі болды.
Осы оқиғаның алдында келіншек өзінің Instagram-дағы парақшасына балалары мен өзінің қолының суретін салып, «Жүректеріміз мәңгі бірге» деген жазба қалдырып, оған «Бізге берілген уақыт аз ғана» деген әнді қосқан.
Келіншекті мұндай қадамға не итермелегені әлі белгісіз. Жақындары мен таныстары оның ақкөңіл, ашық мінезді жан екенін айтады. Балаларын да қатты жақсы көрген екен.
Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.