Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның агенті Марат Арчеговтың айтуынша, футболшы Біріккен Араб Әмірліктеріне жаңа клубпен келісім жасауға кеткен, деп хабарлайды Sports.kz.

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы, 13 дүркін ел чемпионы, 2003 жылғы Азия Чемпиондар кубогының жеңімпазы «Аль-Айн» әмірлік клубында жұмыс істемек. Қазіргі таңда оның командасының бас бапкері - португалдық маман Педру Эмануэль.

Дереккөз: ҚазАқпарат