Ошта қазақ дипломатының атындағы поэзия кеші өтті

Ошта қазақ дипломатының атындағы поэзия кеші өтті

Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы консулдығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 29 наурызда Ош мемлекеттік университетінің студенттері арасында халықаралық «Самат Сүндетбаев атындағы Қазақ поэзиясы мен көркем сөз оқу конкурсы» өткізілді,- деп хабарлайды turkistan.today порталы ҚР Ош қаласындағы консулдығына сілтеме жасап.

Іс-шараға Ош мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен мәдениеті орталығында» білім алып жатқан студенттердің арасынан 24 талапкер қатысып, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың, сондай-ақ Мағжан Жұмбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, М.Шахановтың өлеңдерін, Зайырбек Ажыматов сынды қазіргі заманғы қырғыз ақындарының қазақ тіліне аударылған өлеңдерін жатқа оқыды.


Жүлделі орын алған студенттерге Консулдықтың Алғыс хаты тапсырылып,
бағалы сыйлықтар берілді.

Ош Мемлекеттік университетінің басшылығы  мен зиялы қоғамдастық өкілдері аталған әдеби шараны жоғары бағалап, екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығысаласындағы ұлағатты бірегей оқиға ретінде бағалады. Екі ел жастарының арасындағы рухани байланыстың артуы мемлекетаралық қарым-қатынастардың берік негізіне айналатыны жарияланды.    

Ош қаласындағы Консулдық еліміздің талантты перзенті, тұңғыш қазақ дипломаттарының бірі Самат Сүндетбаев атындағы халықаралық конкурсты жыл сайын дәстүрлі негізде өткізуді жоспарлауда.

 

  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
6
dislike
0
love
0
funny
1
angry
0
sad
0
wow
2