Елорда тұрғыны қонақта болып, ұялы телефон ұрлығын жасаған, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі .

Полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлығы фактісі бойынша 42 жастағы елорда тұрғынын анықтап ұстады.

Ол жатақханада тұратын танысының үйінде қонақта болған. Күдікті адам олармен бірге спирттік ішімдік ішкен.

Кейін сол жатақхананың дәлізіне шығып, есігі ашық тұрғанын және онда тұратын ер адамның ұйықтағанын байқаған. Осы сәтте әйел адам оның ұялы телефонын ұрлап алып, жатақханадан кетіп қалған. Телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.