Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәжіліс депутатының “Өскемен маңындағы жерді толық иемденіп алған” деген сөзіне қатысты жауап берді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жала сөз. Мен ол кісіге ештеңе айта алмаймын. Себебі оның депутаттық мәртебесі бар. Бірақ оның сөзі мәдениетсіздік. Менің баспасөз қызметім және жер комитеті бұл мәселеге байланысты нақты жауап берген болатын, - дейді Даниал Ахметов.
Былтыр желтоқсан айынад Парламенттің жетінші шақырылымының депутаты болған Берік Дүйсенбинов Шығыс Қазақстан облысының әкімі 5,2 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық деп мәлімдеген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке қарсы шыққан еді.
Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр, - деген болатын Берік Дүйсембинов.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.