1 шілдеден бастап Алматыда коммуналдық тарифтер өседі

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 1 шілде, 2023

1 шілдеден бастап Алматыда коммуналдық тарифтер өседі. Бұл туралы КТК хабарлады.

Қалада жылу тарифтері 20%-ке көтеріледі. Бизнесмендер үшін 30%, ал бюджеттік ұйымдар үшін 36%-ке артады. Суық су мен канализацияның тарифтері 15%-ке өседі. Кәсіпкерлер үшін 70%-ке артық болады, деп хабарлайды Turkistan Today.

1 шілдеден бастап Алматы тұрғындарына 1 шаршы метрге, яғни   1 000 литрге судың бағасы 55 теңге 20 тиын болады. Қазіргі баға 48 теңге. Яғни 7 теңгеге тариф өседі. Кәріз қызметінің тарифі 29 теңге 74 тиын болады, — дейді «Алматы су» МКК ресми өкілі Серік Шәгіров.

Осылайша, қала тұрғындары суға 150 теңге, жарыққа 450, ал бір бөлмелі пәтерді жылыту үшін мың теңге артығымен төлейді. Ал үш бөлмелі пәтерге 2 400 теңге көбірек кетеді. Табиғи монополияны реттеу комитеті жаңа тарифтерді енгізуге келісті. Ал заңды тұлғаларға су мен кәріз тарифтері 69-89%-ке қымбаттайды.

Фото: Baribar.kz

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.