“14 пәтер, 1 миллиард теңге, Land Cruiser”. Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі ұсталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 17 сәуір, 2023

Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі ірі көлемдегі ақшамен ұсталды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл деректі растады, деп Turkistan Today хабарлайды “altyn-orda.kz” сайтына сілтеме жасап. 

48 жастағы әйел қомақты қаржыны алып қашпақ болған.

Тінту кезінде оның үйінен 1 миллиард теңгеге жуық ақша табылды, оның басым бөлігі шетел валютасымен сақталған. Сонымен қатар, одан құжаттар мен жылжымайтын мүліктің кілттері тәркіленді. Оның ішінде 14 пәтер, жеті коммерциялық үй, 2020 жылғы Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі және зергерлік бұйымдар бар.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорғандағы білім бөлімі қызметкерлерінің мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлауы бірнеше жыл бойы тұрақты жалғасқаны анықталды. Мемлекет қаржысы осы салада жұмыс істемейтін азаматтарға әзірленген схема бойынша аударылып отырған.

Қылмыскерлер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.