Қасиетті Рамазан айының бірінші күні 23 наурызға тура келеді, деп Turkistan Today хабарлайды Informburo.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 23 наурыз алғашқы күні болса, 20 сәуір – соңғы күні. 21 сәуірде ораза айты басталады. Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні – Қадір түні.
Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.
Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.
Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!
Төменде облыс орталықтары мен ірі қалалар бойынша ораза кестесін ұсынып отырмыз.
Фото: Informburo.kz
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.