2024 жылдың 11 айында Түркістан облысында өнім көлемі 4,3 трлн теңгеге жетті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 26 желтоқсан, 2024

2024 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі салалар бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім  көлемі 4,3 трлн. теңгеден асты. қысқа мерзімді экономикалық өсім 109,8%-ды құрады,- деп хабарлайды turkistan.today

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты  биылғы Жолдауында экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуды тапсырды. Инвестиция тарту жұмысын күшейту керектігін айтты. Түркістан өңірінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылды.

Өнеркәсіп саласында 1 078,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109 %-ға артты.  Өсімге негізінен тау-кен және өңдеу өнеркәсібі  есебінен қол жеткізілді.  Биыл өңдеу саласында 25 млрд. теңгеге 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 11 айда 12 жоба іске қосылып, жұмыс орындары ашылды. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.