21 мың долларға сырға сыйлады: Ғ.Әбдірахымов не пост жазды?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 31 наурыз, 2023

Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қатысты шыққан шуға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп Turkistan Today хабарлайды aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

"Шындық шырылдап жетем дегенше өтірік талай жерді өртейді" – деп жазды.

Еске сала кетейік, әнші Динара Әлжан "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен төсектес болғанын айтқан еді.  Шенеунік әншіні түскі асқа шақырып, құны 20 мың долларлық бриллиант сырға тарту етсе керек. Одан бөлек үй алуға 70 мың доллар қаржыны қалтасына салып жіберіпті.

"Ғабидолла 20 мың доллардың сырғасын сыйлады. Түскі аста отырған кезде қосымша тағы миллион теңге ұстатты. Сол сәтте оған үйсіз жүргенімді айттым. Алайда Болаттың тоқалы болғанымды айтқан жоқпын. Содан кейін ол "Алматыдан үй аласың" деп 70 мың доллар берді. Ақшаның жартысына бес бейнебаян түсіріп алдым. Қалғанына үй сатып алдым. Ғабидолла мырзамен төсекте қауыштық. Тек бір-ақ рет. Ол өте жақсы кісі, нағыз джентльмен”, – деді әнші.

11.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.