75 жыл бұрын (1938-1992) ақын ӘЛІМҚҰЛОВ Совет Рақымбайұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Меркі, Қордай аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеген. 1977-1991 жылдары - Жамбыл аудандық «Шұғыла» газеті редакторының орынбасары. 1991-1992 жылдары «Әулиеата» газетінің редакторы болған. Ақынның тырнақалды туындысы 1985 жылы Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде жарияланған. Оның «Тұңғыш кітап», «Жайсаң жер», «Күн көсем», «Қыран», «Еліктің лағы», «Өрімтал», «Қол айна», «Сыбызғы», «Ораласың ба, көктемім», «Ықылас» атты жыр жинақтары мен «Нұрлы дүние» пьесасы жарық көрген.
59 жыл бұрын (1954) ғалым, социология ғылымының докторы, профессор АЛДАШОВ Бақтияр Әбілхайырұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. 1976-1978 жылдары - «Жамбылқұрылыс» тресінің аға инженері. 1978-1985 жылдары - Жамбыл облыстық атқару комитеті құрылыс бөлімінің нұсқаушысы, аға референті, меңгерушісі. 1986-1991 жылдары - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының аға инженері, проректоры, 1991-1996 жылдары - Тараз сыртқы экономика қауымдастығы бас директорының орынбасары. 1996 жылдан Жамбыл университетінің ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының директоры, Тараз мемлекеттік университетінің факультет деканы болған. Қазір Х.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының профессоры болып істейді. 40-қа жуық ғылыми жұмыстың, оның ішінде 1 монографияның авторы.
68 жыл бұрын (1945) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі ЕСЕНОВ Ермұхамед Құдабайұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Қазақ химия-технология институтын бітірген.
Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, деканы, Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану-гуманитарлық институты оқу ісі жөніндегі проректоры, оқу ісі жөніндегі вице-президенті, Түркістан бөлімі директоры, «Мирас» университетінің ректоры, Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің ректоры қызметтерін атқарған.
Есенов кибернетика мен химия-технология модельдеудің жүйелі талдау әдістерін пайдалану негізінде ағын суды тазартудың икемді жүйесін жобалау әдістемесін жасаған. Оның бірқатар ғылыми еңбектерін Қазақстан мен Ресейдің химиялық зауыттары пайдаланады.
70-тен аса ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
67 жыл бұрын (1946) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы корреспондент мүшесі, Нью-Йорк Ғылым академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің, Биохимиктер және молекулалық биологтар халықаралық қоғамының мүшесі АЙТХОЖИНА Нағима Әбенқызы дүниеге келді.
Петропавл қаласында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым академиясы В.А.Энгельгардт атындағы молекулалық биология институтының аспирантурасын бітірген.
1974-1981 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Ботаника институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1983-1987 жылдары - Молекулалық биология және биохимия институтының жетекші ғылыми қызметкері, 1988-1996 жылдары - Мұрат Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты директорының міндетін атқарушысы, директоры, 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым медицинасы - Ғылым академиясы Биологиялық және медициналық ғылым бөлімшесінің академик хатшысы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті болды. .
Оның негізгі ғылыми еңбектері жоғары сатыдағы организмдер геномының құрылымдық қызметі мен тұқым қуалаушылық ақпаратының молекулалық механизмдерін зерттеуге арналған. Қазақстанда алғаш рет «Ғарыштық биология және биотехнология» тақырыбын зерттеп, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа биотехнология бойынша ғылыми тәжірибелердің бағдарламасын, сондай-ақ бірнеше халықаралық конгрестер мен симпозиумдарда ғылыми бағдарламалар жасады. 92-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
Парасат орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
47 жыл бұрын (1966) Ерке-Нұр» кәсіпорнының президенті, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Үздік кәсіпкер әйел» МЕРХАМИТҚЫЗЫ Фарида дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында туған. Үрімжі қаласындағы педагогикалық университеттін бітірген.
Университеттің ғылыми-техникалық баспаның жаратылыстану және география бөлімінде редактор болып қызмет істеген. 1993 жылы отбасымен бірге Атамекені Қазақстанға оралып, кәсіпкерлікпен айналысқан. 1997 жылы «Ерке-Нұр» кәсіпорнын, 2004 жылы «Ерке-Нұр» сән театрын құрып, 2007 жылы республикалық «Ерке-Нұр» сән журналын ашқан. 2007 жылы Халықаралық қазақ-қытай тіл академиясының колледжін құрды. Ол басқаратын кәсіпорын 150-дей адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық киім негізінде қазіргі заманауи киімдер, арнайы киімдер, оның ішінде әскери киім, шекарашылар киімдері, теміржолшылардың киімі, мектеп формасы, салтанатты кештерде киетін сәнді киімдер, сондай-ақ киімнің көптеген жаңа үлгісін құрастырып халыққа ұсынды. Өндірістік кәсіпорын жаңа заманғы ең үздік технологиялық үлгіде жабдықталған. «Ерке-Нұр» кәсіпорыны 2003 жылы Астанада дүниежүзілік сапа күні құрметіне өткен тауар көрмесінде «Қазақстанның ең үздік тауары» дипломымен, Алматы қаласы әкімінің ІІ-ІІІ-ші дәрежелі «Өнімнің жоғары сапасы үшін» дипломымен және Алматы облысы әкімінің мақтау хатымен марапатталған. 2008 жылы II-ші дәрежелі «Алтын сапа» белгісіне ие болды. 2007 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы кәсіпкерлерінің арасында «Ең үздік кәсіпкер әйел» атағына және «Жыл таңдауы» байқауының қорытындысы бойынша «Ең үздік сән орталығы» марапатына ие болды. 2008 жылы әлемдегі ең сапалы бұйым шығаратын үздік сауда маркасын анықтайтын Францияның Other Ways менеджмент және консалтинг Халықаралық қауымдастығының «Кемелді, жоғары сапалы және таңғажайып жұмысы үшін» берілетін «Платиновая булавка» халықаралық сыйлығын жеңіп алған. Қазақтың ұлттық киімдері мен ұлттық киімдердің негізінде дүниеге келген бірнеше таңғажайып коллекциялары бар «Ерке-Нұр» театр ұжымы республикалық және Қытай, Түркия, Германия, Щвеция, Ресейде өткен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» Астана қаласына 10 жыл» мерекелік медальдармен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қоса 3-ші деңгейлі «Атамекен» медалінің иегері. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.
61 жыл бұрын (1952) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі АСАНҒАЗЫ Оразкүл Асанғазықызы дүниеге келді.
Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе колхозында туған. 1969 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би селосындағы қазақ орта мектеп-интернатын бітірген. 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны үздік бітірген. Институтта оқып жүрген кезінде Лениндік степендиат атанып, факультетте комсомол комитетінің хатшысы болды, сол кезде партия қатарына өтті. Еңбек жолын 1973 жылы Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастаған. 1979-1982 жж. - К. Маркс атындағы орта мектептің директоры. 1982-1985 жж. - Сарыағаш қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы № 10 мектеп-интернаттың директоры. 1985ж-Алғабас аудандық партия комитетінің хатшысы. 1987 ж. - аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1988 ж. - халық депутаттары Алғабас аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрайымы болып сайланды. 1990-1992 жж. - идеология бөлімінің меңгерушісі, халық депутаттары облыстық Кеңесінің тіл, мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімінің бастығы. 1992-1993 жж. - Сарыағаш ауданының әкімі. 1993-1995 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1995 ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1995-1996 жж. - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі. 1997 ж. - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. 1998-2006 жж. - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2012 жж. - Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы. 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» орденімен, «Еңбектегі Ерлігі үшін», «Белсенді қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған, «Қазақ КСР оқу ісінің үздігі» белгісі, Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының және Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы» атақтары бар.
52 жыл бұрын (1961) ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары МЫҢЖАНОВ Қайрат Тұрсынайұлы дүниеге келді.
51 жыл бұрын (1962) "Қазақстанның Түрғын үй-құрылыс жинақ банкі" АҚ тәуелсіз директоры ҚҰРМАНОВ Жанат Бостанұлы дүниеге келді.
40 жыл бұрын (1973) ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау және құжаттаманы қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі ТҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ Салтанат дүниеге келді.
Шымкент облысында туған. Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын Шымкент қаласындағы №47 мектеп-гимназияда орыс тілінің мұғалімі болып бастады. 1998-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің бас маманы, 2003-2004 жылдары - ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушысы. 2004-2005 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі жалпы бөлімінің референті. 2005-2007 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің аға сарапшысы. 2007-2009 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының көмекшісі, кеңесшісі, бақылау және құжаттауды қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісінің міндетін атқарушы. 2009 жылдан қазіргі қызметінде.
38 жыл бұрын (1975) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының жетекші балет солисі, педагог-тәлімгер САРҚЫТБАЕВА Құралай Серікханқызы дүниеге келді.
Талдықорғанда туған. А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін, Қазақ мемлекеттік қыздар институтының хореография факультетін бітірген. "Аққу көлі», «Жизель», «Бақшасарай фонтаны», «Сильфида», «Спартак», «Корсар», «Щелкунщик», «Ұйқыдағы ару», «Дон Кихот», «Фауст» , «Кармен» және басқа да операларда жетекші партияларды орындады. Мәскеуде, Бейжіңде, Санкт-Петерборда, Украинада, Египетте, Түркияда, Үндістанда және басқа да көптеген елдерде гастрольде болды.
35 жыл бұрын (1978) ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы АХМЕТОВ Рүстем Нұрланұлы дүниеге келді.
Теміртау қаласында туған, қазақ. Қазақ мемлекеттік заң университетін аяқтаған (1999), заңгер. Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің кінә-талап қою жұмысы бөлімінің жетекші, бас маманы лауазымынан бастаған. 2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде әртүрлі қызмет атқарған. 2007 жылғы қаңтар - қазан аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болған. 2007 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасы хатшылығының меңгерушісі, 2008 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқықтық бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2011 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
60 жыл бұрын (1953) Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің редакторы ПОМИНОВ Юрий Дмитриевич дүниеге келді.
281 жыл бұрын (1732-1799) АҚШ-тың тұңғыш президенті (1789-1897), АҚШ-тың негізін қалаушы Джордж ВАШИНГТОН дүниеге келді.
203 жыл бұрын (1810-1849) поляк композиторы және пианист, көрнекті музыка данышпандарының бірі Фредерик Францишек ШОПЕН дүниеге келді.
Фото: Sputnik.kz
Мәлімет: inform.kz
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.