ҚР халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов 86 жасқа келсе де сымбатымен көпшікке үлгі. Ол әлеуметтік желіге видео жариялап, көпшілікті сүйсінтті, деп Turkistan Today хабарлайды el.kz сайтына сілтеме жасап.
Адам мен табиғат - егіз ұғым, деп жазған әнші Instagram парақшасына.
«Аға, аман болыңыз, жүз жасаңыз», «Әдемі қартаю деген осы шығар.Қандай керемет», «Құдайдың сүйгені деген осы шығар, дауыс сол қалпы. Аман болыңыз», «Күшті сіз керемет», «Ғұмырлы болыңыз, аға», «Жұбайыңызбен біргіңіз көргіміз келеді», - деген пікірлер жазылған.
Айта кетейік, былтыр қыста Нұрғали Нүсіпжанов сырқаттанып, ауруханаға жатып шыққан еді. Сол кезде өнердегі інісі Рамазан Стамғазиев ағасының күйінішін жеткізген болатын.
Қазақ өнерінің қара нары, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр. Мәдениет министрі, көмекшілері қайда?! Оларға айтатын адам жоқ па?! Ұят болды, айтатын сөзім жоқ. Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш-қуат берсін. Жасай беріңіз, Нұр аға. 90-100-ге келген тойыңызды көруге жазсын, - деп жазған еді Стамғазиев сол кезде.
Еске салып өтейік Нұрғали Нүсіпжанов осыдан 4 жыл бұрын отау құрған. Белгілі әншінің таңдауы өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке түскен.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.