Серіктестер

9 млрд теңгелік жоба: Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы қайта салынуда

Жаңалықтар 8 шілде, 2026

Бас Прокурордың тапсырмасымен Бас көлік прокуроры Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысымен танысты. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді,— деп хабарлайды turkistan.today

Жобаны іске асыруға прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді қайтару арқылы қалыптастырған Арнайы мемлекеттік қор қаражатынан 9 млрдтеңгеден астам қаражат бағытталды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, реконструкцияны 2026 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Мердігер ұйымға, тапсырыс берушіге және техникалық қадағалау қызметіне жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын, еңбекті қорғау мен экологиялық заңнама талаптарының қатаң сақталуын, сондай-ақ бөлінген мемлекеттік қаражаттың заңды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді.

Реконструкциядан кейін әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200-ден 300 жолаушыға дейін артып, қызмет көрсету сапасы мен жолаушыларға арналған жайлылық деңгейі артады. Инфрақұрылымның жаңаруы Павлодар облысының көліктік қолжетімділігін арттырып, өңірдің еліміздің басқа қалаларымен байланысын жақсартады.

Айта кетелік, жоба прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.