Бұл туралы «Samruk-Kazyna Trust» қорының басшысы Қарағандыда 15-ші ерте араласу орталығын ресми іске қосу барысында мәлімдеді. Жалпы нысан «Самұрық-Қазына» қоры инклюзивті қоғамды дамыту мақсатында қолға алған оңалту, ерте араласу және аутизм орталықтарының 35-шісі болып отыр. Осылайша толық 3 жылда 40 мыңға жуық бала оңалтудан өтіп үлгерді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Олардың 3070-і алғашқы қадамын жасаса, 4162 бүлдіршін бірінші сөздерін айта бастады.
Орталықтар «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының қолдауымен ашылып, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстанның сараптамалық деңгейдегі заманауи медициналық оңалту және диагностикалық құралдарымен жабдықталған.
«Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылдан бері ерекше балаларды оңалтудан өткізетін орталықтарға қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Үш жыл ішінде біз Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған 15 оңалту, 14 ерте араласу және аутизмі бар балаларға арналған 5 орталықтың тұсауын кестік. Бүгін міне, кезекті 35-ші орталықты қасиетті кеншілер мекенінде іске қосу бұйырды. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.