Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ақмола облысында цифрлық технологияларды дамыту стратегиялық басымдыққа айналды. Өңірде жасанды интеллект пен IT-инфрақұрылымды қамтитын кешенді жобалар іске асырылуда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысында цифрландыру саласын сапалы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2030 жылға дейінгі өңірлік цифрландыру стратегиясы бекітіліп, оның басты нәтижелерінің бірі ретінде Digital Aqmola бірыңғай цифрлық экожүйесі қалыптастырылды.
Аталған экожүйе құрамына ситуациялық орталық, бірыңғай байланыс орталығы, стартаптарды қолдау және сүйемелдеу тетіктері, сондай-ақ цифрлық платформалар кіреді. Сонымен қатар өңір экономикасының барлық саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында баяндады.
Президент жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде өңірлік IT-хабты дамыту Ақмола облысының технологиялық өсімінің негізгі қозғаушы күшіне айналуда. Қазіргі таңда аймақта 60-тан астам цифрлық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Биыл өңірде креативті технологияларға бағытталған Tumo Center орталығы, сондай-ақ жастардың практикалық білім алуына арналған Tumo Classroom жобасының үш кампусы Ақкөл, Қосшы және Жақсы қалаларында ашылмақ. Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында Tumorrow инновациялық мектебін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Бұдан бөлек, өңірлік «Деректер көлі» жобасын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бірыңғай деректер базасында негізгі салалар бойынша ақпарат жинақталып, бұл мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттырып, өңірдің даму қажеттіліктерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.