Абай облысында табылған тракторшының өлімінің себебі белгілі болды

Абай облысында табылған тракторшының өлімінің себебі белгілі болды

Полиция 13 маусым күні Абай ауданында денесі табылған Сергей Архиповтың өлімінің себебін айтты. Бұл туралы Turkistan Today Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмды.

Естеріңізге сала кетсек, жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесі, Абай облысы полиция департаментінің қызметтік итінің көмегімен табылды.

“Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі — кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды”, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
1
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0