Іс-шара «Абайдың шығармашылығы және «Заң мен тәртіп» тақырыбына арналды. Арнайы шақырылған қонақ – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның құрметті азаматы, Түркі әлемінің үздік педагогы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Сейдулла Садықов Абай шығармашылығының мәні мен тағылымы жөнінде танымдық баяндама жасады,— деп хабарлайды turkistan.today
Шара барысында полиция қызметкерлері де өз өнерлерін ортаға салды. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері оқылып, ақынның әндері шырқалды. Полиция аға лейтенанты Тойсұлу Нартай Абайдың 31-қара сөзін оқыса, полиция лейтенанты Бекзат Асанхан «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін орындады.
Жеке құрам арасында ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, Абай мұрасын кеңінен насихаттау және қызметкерлердің мәдени-эстетикалық тәрбиесін нығайту мақсатында ұйымдастырылған шара «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген Абай өсиетімен қорытындыланды. Бұл сөз – ел тыныштығын күзеткен әрбір тәртіп сақшысының қызметімен үндесетін ұстаным.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.