Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшісін тағайындады,-деп хабарлайды turkistan.today
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Президенттің Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылса, Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.