Серіктестер

Адами капитал мен әділет қағидаты: Бағдарламада не айтылды?

Жаңалықтар 7 мамыр, 2026

Құрылтай съезінде «Әділет» партиясының ресми бағдарламасы да бекітілді. Құжатта адами капиталды дамыту, заң үстемдігін күшейту, өңірлердің теңгерімді дамуы және әділетті қоғам құру мәселелері негізгі басымдық ретінде айқындалған,— деп хабарлайды turkistan.today

Партия ұстанымында әділдік, отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық пен даму басты құндылық ретінде көрсетілген. Бағдарламада денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және креативті индустрияларды дамыту арқылы қоғам сапасын арттыруға ерекше мән берілген.

Саясаттанушы Марат Шибұтов құрылтай барысында партияның бағдарламалық ұстанымдарына тоқталып, ұйым өз жұмысын әділдік, жауапкершілік, нақты әрекет пен институционалдық қағидаттарға негіздейтінін айтты. Оның сөзінше, «Әділет» партиясы әділдік идеологиясына және жаңа Конституция құндылықтарына сүйенеді.


 

«Ең алдымен, бағдарламамыздың ерекшелігіне тоқталған жөн. «Әділет» партиясы өзінің әділдік идеологиясына және жаңа Конституция құндылықтарына сүйенетінін айрықша атап өтеді. Осы арқылы нақты міндеттемелерді өз мойнына алады. Бұл дегеніміз – бағдарлама болашақтың негізіне айналуы тиіс қағидаттарға құрылып отыр деген сөз. Партияның негізгі тіректері ретінде әділдік, отаншылдық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен прогресс айқындалған», - деп атап өтті саясаттанушы.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.