АЭС әлемдегі ең қауіпсіз әрі сенімді энергия көздеріне жатады

Түркістан 27 тамыз, 2024

АЭС салу мәселесі тоқсаныншы жылдардан бері қарастырылып келеді

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында атом энергетикасын дамыту мәселелері бойынша Қазақстанда АЭС салу идеясына қатысты сарапшылардың пікірлері тыңдалды,- деп хабарлайды turkistan.today

 «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясының басшысы Тимур Жантикиннің айтуынша, бұл мәселе елімізде электр энергиясының болжамды тапшылығы аясында қауіпсіз әрі экологиялық атом энергиясын дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қаралуда.

«АЭС салу мәселесі тоқсаныншы жылдардан бері қарастырылып келеді. Қазір энергия тапшылығы және жұмыс істеп тұрған қуаттардың тозу көрсеткіші артқан жағдайда ол қайтадан өзекті болып отыр. Бұл жерде атом электр стансалары әлемдегі ең қауіпсіз әрі ең сенімді энергия көздеріне жататынын атап өткен жөн», — деп мәлімдеді «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясының басшысы.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.