АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы қоздырғышы болып табылады, ол ағзаға енгеннен кейін өмір бойы сонда қалады
Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасынан бастап ЖИТС сияқты ауру белгілі болды. Сол кезде оның қайдан пайда болғанын, оны қалай емдеу керектігін және оның салдары қандай болатынын ешкім білмеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Соңғы 40 жыл ішінде бұл ауру жеткілікті түрде зерттелді, адамның иммун тапшылығы вирусы зерттелді, аурудың дамуын тежейтін дәрі-дәрмектер пайда болды, ал дұрыс емделген жағдайда жұқтырған адамдар айтарлықтай ұзақ өмір сүре алады.
АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы қоздырғышы болып табылады, ол ағзаға енгеннен кейін өмір бойы сонда қалады. АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдар өз ауруы туралы білмеуі мүмкін, өйткені адам өзін толық сау сезінеді. Сыртқы көріністердің жоқтығына қарамастан, ауру ағзада бірте-бірте дамиды. Вирус иммундық жүйенің жасушаларын бұзады, нәтижесінде адамның иммунитеті айтарлықтай төмендейді. АИТВ жұқтырған адамдар үшін кез келген ауру үлкен қауіп төндіреді.
«ЖИТС» диагнозы (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) ағза АИТВ-инфекциясынан қатты әлсіреген және кез келген ауру адам үшін өлім қаупін тудыруы мүмкін кезде қойылады.
ВИЧ инфекциясына қарсы вакцина жоқ.
Берілу жолдары қандай? Вирус ағзаға тек қауіпті мінез-құлық арқылы немесе анадан балаға енуі мүмкін. Иммундық тапшылық вирусы ағзаның көптеген биологиялық сұйықтықтарында: қанда, ұрықта, қынаптық сұйықтықта, ана сүтінде кездеседі.
Тиісінше, вирус биологиялық сұйықтықтар арқылы үш жолмен таралады:
Жыныстық жолмен берілу: қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде (презервативті немесе басқа қорғаныс құралдарын қолданбағанда).
Қан арқылы: есірткі заттарды қолданғанда инелер мен шприцтерді, сондай-ақ зарарсыздандырылмаған медициналық құралдарды қолданғанда; құлақты тесу, пирсинг және татуировка үшін зарарсыздандырылмаған инелерді пайдаланған кезде.
АИТВ жұқтырған анадан балаға жұқтырудың вертикальды жолы: жүктілік кезінде; босану кезінде; емізу кезінде.
Адамның иммун тапшылығы вирусы мына жолдар арқылы таралмайды: Сілекей арқылы: сүйгенде, жөтелгенде, түшкіргенде, т.б, қол алысып, құшақтасып жатқанда, тер мен көз жасы арқылы, жәндіктер мен жануарлардың шағуы арқылы, ортақ ыдыстар мен ас құралдары арқылы, дәретхананы немесе душты ортақ пайдалану кезінде, бірлескен спорттық іс-шаралар кезінде, бассейнге бару, төсек жаймалары арқылы.
Ағзадағы вирусты тек арнайы қан сынағы - АИТВ антиденелерінің сынағы арқылы анықтауға болады.
Өзіңізді АИТВ-дан қорғаудың ең жақсы жолы – АИТВ-ның берілу жолдарын болдырмау.
Әрбір адам өз денсаулығына жеке жауапты екенін есте сақтауы, және де әр адамның мүддесі үшін алдын алу шараларын қолдану маңызды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.