Серіктестер

Қазақстанда балаларға ерте көмек орталықтары көбейді

Медицина Бүгін, 18:23

Қазақстанда 2025 жылы дамуында қауіп факторлары бар балаларды ерте анықтау және сүйемелдеу жүйесі едәуір кеңейтілді.

Денсаулық сақтау министрлігі емханалар базасында 290 ерте көмек көрсету орталығын ашып, шамамен 140 педиатриялық бөлімшені іске қосты. Басты назар өмірдің алғашқы айларынан бастап ерте диагностика мен кешенді қолдауға аударылды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі балалар денсаулығын қорғау жүйесін жаңғырту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. 2025 жылы бұл саладағы басым бағыттардың бірі – дамуында қауіп факторлары бар балаларды дер кезінде анықтау, ерте араласу және бала мен оның отбасын бастапқы кезеңнен жан-жақты сүйемелдеу болды.

Осы мақсатта педиатриялық көмек көрсету стандарты жаңартылды. Құжат балалардың дамуындағы ауытқуларды ерте диагностикалауға, уақытылы араласуға және кешенді қолдау көрсетуге бағытталған.

Министрлік мәліметінше, еліміз бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) ұйымдарының базасында 290 ерте даму және араласу орталығы ашылып, 139 педиатриялық бөлімше құрылған. Бұл мамандандырылған көмекті халыққа жақындатуға және стационарларға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. ЮНИСЕФ қолдауымен ерте жастағы балалардың дамуын бақылауға арналған GMCD халықаралық нұсқаулығы енгізілуде. Бағдарлама аясында өңірлерде мамандарды оқытатын 18 мастер-тренер даярланған.

Аймақтар арасындағы медициналық көмектің сапасын теңестіру мақсатында әмбебап прогрессивті патронаждық бақылау моделі мен балалар ауруларын интеграцияланған басқару қағидаттары бойынша жұмыс істейтін оқу-әдістемелік орталықтар құрылды. Сондай-ақ медициналық мамандарды кәсіби қолдаудың бірыңғай жүйесі қалыптастырылып, тұрақты оқыту бағдарламалары, Журналық клуб жұмысы және шала туған нәрестелерді күту бойынша неонаталдық мейірбикелерге арналған апта сайынғы оқыту жүргізілуде.

Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, ерте көмек көрсету жүйесін кешенді дамыту өз нәтижесін беруде. Бұл бағыттағы шаралар нәресте өлімін төмендетуге және балалардың өміршеңдігін арттыруға ықпал еткен негізгі факторлардың біріне айналды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.