Қала тынысы жаңаруда: Түркістанда жаңа кәріз жүйесі салынып жатыр

Түркістан 14 тамыз, 2025

Қалада орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамту мақсатында айрықша көңіл бөлініп, бірқатар ауқымды жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда,- деп хабарлайды turkistan.today

Қазіргі таңда Сауран және Шауғар секторлары мен Баянауыл шағын ауданында кәріз желілері мен насос станцияларының құрылысы қарқынды жүргізілуде. 

Сауран секторында 83 көше, 4 372 абонентті қамтитын желі биыл пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта №2 кәріздік насос станциясында қазба жұмыстары атқарылуда. 

Ал Баянауыл шағын ауданында 25 көше, 2 103 абонентке қызмет көрсететін желінің құрылысы - Жангелдин көшесіндегі магистралдық құбыр қазу жұмыстарымен жалғасуда. 

Сонымен қатар, Шауғар мөлтек ауданында ұзындығы 99,9 шақырымды құрайтын желі арқылы 3 294 абонентті қамту жоспарланып, бүгінде Шала Бақсы және Семей көшелерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда қала тұрғындарының 36,5 пайызы, яғни 17 580 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Қала аумағында жалпы 27 кәріздік насос станциясы жұмыс істейді. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 13 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.