Алғаш рет сериалдарға арналған бәйге болып өтті

Алғаш рет сериалдарға арналған бәйге болып өтті

Елордада отандық сериалдарға арналған "Nauryz" ұлттық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.


Ең алғашқы рет ұйымдастырылып отырған шараға елімізге танымал актер, актрисалар, жалпы кино өнерінің жұлдыздары қатысты. "Nauryz" ұлттық бәйгесін ұйымдастырушылар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Медиа Даму қоры" Корпоративтік қоры және "Қазмедиа орталығы" ҚК болып табылады.


"Өздеріңізге белгілі, Наурыз – жаңару мен гүлденудің, өсу мен өркендеудің символы. Сондықтан бұл ұлттық бәйге отандық сериалдардың да өсіп-өркендеуіне септеседі деп үміттенеміз. Жалпы елімізде соңғы жылдары креативті индустрия, телесериалдар қарқынды дамып келеді. Қазір бізде сан да, сапа да артып келеді, қаражат жағын да көбейтуді қарастырып отырмыз.

Қазір отандық сериалдар ішкі және сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұрын үндінің "Келініне" телміретін көрермен қазір өзіміздің "Келінжан" мен "Аппақ келінді" көреді",-деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.


Сонымен ең үздік деп табылған номинициялардың тізімі мынадай:
Ең үздік тарихи сериал - Мұрат Есжанның "Міржақып. Оян, Қазақ!".
Үздік драмалық сериал - "Ақжауын".
Үздік комедиялық сериал - "Келінжан".
Үздік веб-сериал - Сержан братан.
Үздік коммерциялық телехикая - "Патруль" телехикаясы.
Үздік актер - Дулыға Ақмолда (Serjan Bratan).
Үздік актриса - Жанель Сергазина ("Бала күтуші").
Екінші пландағы үздік актер - Рүстем Жаныаманов ("Келінжан").
Екінші пландағы үздік актриса - Камалия Байтелеуова ("Ақ пен қара").
Үздік режиссер - Ерлан Нұрмұхамбетов ("Қаныш.Қазына").
Үздік сценарист - Бекзат Мырзахметова (Mystan).
Үздік қоюшы-оператор - Бағдат Арғынов (SHEKER, Serjan bratan, "5:32").
Үздік монтаж – Рахымжан Яхьяров ("ақ пен қара").
Ең мықты саундтрек – Sheker.
 Осылайша үздіктерді анықтайтын Nauryz ұлттық бәйгесін алдағы уақытта жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0