Жақында ұлды болған Әли Оқапов жұбайына тосынсый жасап, су жаңа көлік тарту етті. Бұл жайлы Ақерке Бүркітбай Instagram парақшасында мәлім етіп, қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті, деп Turkistan Today жазады altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қуанышты сәтімді сіздермен де бөліскім келеді. Бүгін осындай ерекше сыйлыққа ие болдым Көп нәрсе жазғым келеді. Бірақ барлығын жеке айтуды жөн көрдім. Рахмет саған, менің қолдаушым, қорғаным Әли», — деп жазды Ақерке Бүркітбай. Желі қолданушылары жұлдызды жұптың отбасына амандық тілеп, лебіз білдірді. «Бақытты болыңыздар», «Қандай керемет», «Құтты болсын», «Ұлыңыздың бауы берік болсын», — деп жазды желідегілер. Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева жақында немересін бесікке салып, дүркіретіп той жасаған болатын. Ал Әли Оқапов осыдан кейін әлеуметтік желіге жұбайы Ақерке Бүркітбаймен және ұлы Зейінмен түскен суретін жариялады. Сонымен қатар күні кеше Роза Рымбаеваның ұлы Әлидің портретінің орнына немересі Зейінмен түскен суретін ілген сәті желіге тарап кетті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.