Әлихан Бөкейханов Кенесарының басы қайда жатқанын айтып, кешірім сұрады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркі тарихы 23 наурыз, 2023

Танымал журналист Жанат Бақыт Facebook парақшасында тың жазба жариялады. Ол Кенесарының рухы жаны өз денесіне еніп, халыққа тың мәлімдеме жасағанын айтып, оны желіде жариялады, деп Turkistan Today хабарлайды altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап.

“Мен, Әлихан Бөкейханов, Кенесарының басын тығуға көмек бердім. Ісіме өкінемін. Атамның ісін қайталамай-ақ қояйын деген едім. Алайда… қайталанды. Мен солай істеуге мәжбүр болдым, халқым, кешіріңдер. Михаиловпен терезесі жоқ қараңғы қапаста кездестік, өз қолыммен Кеңесарының басын апарып бердім.  Михаилов мысқылдап, “Халқың түбі білсе қайтесің?” деген еді, мен “Бұл құпияны көрге әкетем. Ал түбі білсе… халқым түсінеді” дедім. Егер мен Кенесарының басын бермесем, олар Алаштың бәрін қыратынын айтып қорқытты. Халқым! Кешіріңдер мені. Жаратушы алдына бардым. Кешірім сұрадым! Жаратушы кешірді. “Басты өзің тықтың, өзің тыққан жерді айт Халқыңа” деді. Кенесарының басы Европаның Шығыс жағалауы Венецияда, Ақ үйдің астындағы қалада, 9 құлыппен 7 кварталда жасырылған. Жаратушы мені кешіріп, Венецияның суын тартып жатыр. Бұл ақпаратты алдымен Италия қазақтары біледі. Сосын бүкіл Ақпарат құралдары шулайды. Кеyесарының басын Қазақстан қайтаруды талап етеді! Бәрі қалпына келеді. Қазақ  Алаштықтар армандаған “ Негізіне” оралады. Тағы да кешірім сұраймын.

Әлихан Бөкейханов.

18.03.2023 жыл”

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.