Әлия Назарбаеваның үстінен қылмыстық іс қозғала ма? Бас прокуратура өкілі жауап берді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 27 қыркүйек, 2023

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Әлия Назарбаеваны қылмыстық қудалауға қатысты сұраққа жауап берді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шындалиевтің айтуынша, Назарбаеваның үстінен Бас прокуратураға ешқандай шағым түспеген.

Егер қандай да бір қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық қудалау туралы шешімді қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдар қабылдауы керек. Бізде ондай бірнеше орган бар: Антикор, Экономикалық тергеу қызметі, ІІМ. Егер ақпарат келіп түссе және қандай да бір дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы керек. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ, - деді бас прокурордың орынбасары отырыста.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Amanat партиясының көшпелі отырысында Мәжіліс депутаты Ербол Саиров куәгерлер Әлия Назарбаеваны «ӨКМ Операторының» соңғы бенефициары ретінде көрсеткенін айтқан болатын.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.