Алматы маңында жер сілкінді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 21 тамыз, 2023

20 тамыз сағат 21:22-де Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 256 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.3. MPV магнитудасы – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ Қазақстан сейсмологтары сағат 21:28-де Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 372 км қашықтықта, Қытай аумағында болған жерасты тербелісін тіркеді. Энергетикалық санаты – 11.4. MPV магнитудасы - 5.2. Тереңдігі – 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәлімет түспеген.

685

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.