Алматы облысы әкімдігі автобустар "зиратына" қатысты пікір білдірді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 13 шілде, 2023

Алматы облысының әкімдігі Алматы іргесіндегі автобустар "зиратына" қаысты пікір білдірді, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 2022 жылғы 22 қазандағы №4/547 қаулы бойынша 300 автобус Алматы облысына тегін берілгенін хабарлады. Автобустар жөндеуді қажет етеді, жартылай бөлшектелген.

"Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімдігі өз тарапынан ақауларды анықтау, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеуге болатын техникаларды облыс әкімдігі ретке келтіріп, маршруттарға шығарады. Тағы бір айтарым, біраз көліктерді жөндеп алдық, олар қазір бірнеше елді мекен арасында жүреді. Маусымның ортасында жаңа бағыттарды таныстырдық", - деді әкімдіктегілер.

Облыс әкімшілігі қалпына келтіруге болатын көліктерді алып жатқандарын қосты. Күрделі жөндеуден кейін олар маршруттарға шығады.



Еске салайық, бұған дейін алматылық бір жыл бұрын Алматы қаласының бағыттарына қатынаған жүздеген автобусты видеоға түсіріп алған болатын.

924

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.