Алматы облысына бөлінген инвестиция жарты жылда 267 млрд теңге болған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 20 тамыз, 2023

Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестициялардың бірінші жартыжылдығында Алматы облысынан 4% тиесілі, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ал облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялардың өсуі 119,4% құрады, оның 25,8%(68,9 млрд) – Іле ауданына, 24,1%(64,4 млрд теңге) - Қарасай ауданына тиесілі. 65,7% (175,5 млрд) өз қаражатынан инвестицияланды. Қалғаны қарыз (53,9 млрд) және бюджеттік (37,6 млрд) қаражатқа тиесілі.

Салалық бөліністе инвестициялардың жалпы көлемінің 24,6% (65,6 млрд) өнеркәсіпке бағытталған. Оның ішінде 31,6 млрд – өңдеу өнеркәсібіне, тау-кен өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға 20,5 млрд.

Өңірдегі инвестициялар үшін жоғарғы бағыттарға жылжымайтын мүлікпен операциялар (101,3 млрд), Көлік және қоймалау (41,5 млрд) кіреді.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 13 млрд 843,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда номиналды мәнде 4,1% - ға артық.

723

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.