Алматыда Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот отырысы өтіп жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 қыркүйек, 2023

Іс бойынша айыпталушылар қатарында барлығы 45 адам бар.

Алматыда Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сот отырысын судья – Асхат Әшірбеков өткізуде. 

 Іс бойынша айыпталушылар қатарында барлығы 45 адам анықталды. Олардың қатарында Дикий Арман мен Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген бар.

Таңмен басталған сот отырысы айыпталушыларды таныстырудан басталды. Олардың барлығының жеке басына қатысты ақпаратты оқып болған соң, үзіліс жарияланды. Алдын ала тыңдау сағат 15:00-де жалғасады.

Жұмагелдиев пен Құдайбергеннің ісі бойынша алдын ала тыңдау Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің N72 мекемесінде өтіп жатыр.

Фото: inbusiness.kz

Бұған дейін желіде Дикий Арманның қорғаушысы сот отырысына кіруге тыйым салынғаны туралы хабарлаған. 

Алайда Алматы сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Ақпарат ретінде мына жайттарды түсіндіреміз: Процеске қатысушылардың барлығына N72-мекемеге бару маршруты, кіру туралы алдын ала хабарланды. Бірқатар адамдар сотталушылар әкелінетін қызметтік кіреберіс арқылы өтпек болған. Оларға мекеменің бас бақылау бекеті арқылы кіру схемасы қосымша түсіндірілді. Отырыс ашық режимде өткендіктен, ноутбуктарды, планшеттерді және басқа құрылғыларды пайдалануға тыйым салынбады. Тергеу изоляторының аумағында ұялы байланысты пайдалану шектелгендіктен, құрылғыларды пайдаланудағы мәселелер техникалық сипатта болуы мүмкін. N72-мекеменің ғимараты ерекше қорғалатын нысан болғандықтан, аумаққа кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде тексеру жүргізіледі", – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 7 қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыда Дикий Арман лақап атымен танылған криминал авторитет Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы хабарлады. Онымен бірге тағы бес адам қамауға алынды.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевтің шетелден 2021 жылдың желтоқсан айында келгенін және қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болғанын хабарлаған. 

2023 жылғы 5 қаңтарда ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте өткен жиында сөйлеген сөзінде Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының жетекшілігімен әрекет еткенін мәлімдеді. 

2022 жылдың 22 сәуірінде Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Ол бірден "Аманат" партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылды. 

2023 жылдың 6 қыркүйегінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Дикий Арман пен Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс түсті.

620

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.