Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтар 23 қараша, 2024

Алматы қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында волонтерлік ұйымдарының слеті ұйымдастырылды.Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Слеттің ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен өңіраралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, екі елдің волонтерлік қозғалыс өкілдері қатысты.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлер қызметіне үлкен көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы, әсіресе, саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударып отыр. Бүгін біз Қазақстан мен Ресейдегі волонтерлер қозғалысы қуатты күшке, мейірімді азаматтардың жұдырықтай жұмылуының жарқын үлгісіне, халықтар арасындағы байланыстарды нығайтатын, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін қозғалысқа айналды деп сеніммен айта аламыз», – деді министр.

 

Мемлекеттік органдар жыл сайын волонтерлер қауымдастығымен бірлесіп 50-ден астам жобаны жүзеге асырып, бастамаларды іске асыру үшін 240 шағын грант береді.

Бүгінде елімізде 240 мыңнан астам белсенді волонтер бар, 740-тан астам волонтерлік ұйымдар мен мыңнан астам бастамашыл топ жемісті жұмыс істеп келеді.

 
«Бірлескен жобаларды сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтерудегі негізгі бастамашылардың бірі – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл біз үшін өте маңызды. Қазақстан волонтерлермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибеге ие. Біз бұл бағытты толық қолдаймыз және бүгінгі кездесудің маңыздылығы келесі жылы, біз жоспарлағандай, Ресей мен Қазақстан волонтерлерінің «Тату көршілік» атты толыққанды форумы өтетінінде деп білеміз. Бұл біздің елдеріміз арасындағы бірлескен жобалар портфелін байыта түседі деп сенемін. Волонтерлік идеяны насихаттау және волонтерлік қозғалысқа көбірек адам тарту қоғамды біріктіруге, дәстүрлі моральдық және рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді», – деді ол.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.