Алматыда халықаралық дүбірлі дода «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

Жаңалықтар Бүгін, 15:57

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бұл жолғы ұраны бөлек. Дүбірлі дода ата-бабалар рухына тағзым және ерлігіне бас ию мақсатында Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Бауыржан Момышұлы бастаған батыр бабаларымыз білім мен білектің күшімен Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсетіп, қазақ халқының көзсіз батылдығын әлемге паш етті. Олар ұлы даланың еркін азаматтары және елі мен жерін шын сүйген тұлға еді.

Тарихи деректерде жауға қарсы шапқан жүйріктер туралы да жазылады. Мәселен Батыр Бауыржан ақбоз атымен ерлік көрсетіп, өзінің серігі туралы айтқаны бар. «Мен атбаптар қазақтың баласымын. Жылқы жүйрігін айтпай танимын. Егер мен білсем, бұл – қазақтың қарабайыр жылқысы. Еркін далада құйынмен жарыса, көсіле өскен, кең тынысты жануар. Күн-түн шапсаң талмайды, өзі ақбоз екен».

Ақбоздан қалған тұқымдар қазіргі қазақтың тақымында. Олар бейбіт күннің жаршысы, бейбіт күннің жүйрігі. Сол жүйріктердің шабысы мен жарысын 9-14 мамыр аралығында көре аласыздар.

500 шақырымдық марафон-бәйге үздік жылқы тұқымын анықтайды және шабандоздардың шыдамын шыңдайды. Шет елдерден келетін 7 команда (Ресей, Оңтүстік Африка, Мажарстан, Иран, Қырғызстан және т.б) отандық 13 командамен бірге бақ сынайды.

Марафон бағыты Қазақстанның көркем және тарихи маңызы зор өңірлерін қамтиды. Атты шабандоздар Алматы – Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен бастау алып, Конаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында мәреге жетеді. Шетелдік қонақтар үшін этноауылдар, фотозоналар және интерактивті алаңдар ұйымдастырылады. Осылайша «Ұлы дала жорығы» тек жарыс алаңы ғана емес, халықтар арасындағы мәдени байланыс пен достықтың және ерліктің алаңына айналды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.