28 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі сөре – Almaty Marathon өтеді. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырып отырған жарыс биыл он төртінші рет Республика алаңынан басталып, 60-тан астам елден келген 16 000 атлетті біріктіреді,- деп хабарлайды turkistan.today
Осы жылы екі рекорд тіркелді: 1200-ден астам шетелдік қонақ қатысқалы отыр, ал 42,2 км марафондық қашықтыққа 1500 адам өтінім берді.
Республика алаңынан басталған жүгіру бағыты әл-Фараби даңғылы бойымен созылып, қатысушылар асқар Алатаудың әсем бейнесін тамашалай алады. Жол бойында Тұңғыш Президент саябағы, Ботаникалық бақ және қаланың тарихи маңызы зор басқа да көрікті орындары орналасқан.
Almaty Marathon жыл сайын ауқымы мен қайырымдылық бағытын кеңейтіп келеді. Қор құрылған күннен бастап қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен қаржының бір бөлігі балаларға арналған әлеуметтік жобаларға жұмсалып келеді. Биыл «Бірінші болу батылдық» қоры «AYALA» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Шымкент пен Түркістан облысындағы екі перинаталдық орталыққа жалпы құны 106 241 284 теңге болатын заманауи диагностикалық жабдықтар тапсырды. 14 жыл ішінде қор 370 миллион теңгеден аса қайырымды іске демеуші болды. Олардың мақсатысәбилер арасындағы мүгедектік деңгейін төмендету, спортты қолжетімді ету және ұлт денсаулығын нығайту. жаңа қайырымдылық бастамалары туралыұйымдастырушылар жақында жариялайды.
«Almaty Marathon – Қазақстандағы халықаралық AIMS күнтізбесіне енген жалғыз старт. Біз үшін бұл – спортты баршаға жақындатудың, елді әлемге танытудың жолы. Биыл біз тарихымыздағы ең көп шетелдік қатысушыны қабылдап отырмыз».
«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының сөрелері» – Қазақстандағы халықаралық марафондар мен жарыстар күнтізбесіне (AIMS) күнтізбесіне енген жалғыз сөре. AIMS – 115 елден 445 марафонды біріктіретін қауымдастық. Almaty Marathon – солардың ішіндегі ең ірісі әрі қор тарихы осы шарадан бастау алады. Оның мақсаты – спортты бұқараға қолжетімді ету. Бұл марафон адамдарды біріктіріп қана қоймай, туризмді дамытады, бизнесті қолдайды және елдің халықаралық беделін арттырады. Биыл біз рекордтық көрсеткішке жеттік – әлемнің 60-тан астам елінен 1200-ден астам шетелдік қатысып отыр», - деді Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.
Қатысушылардың қауіпсіздігін Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, бас дәрігер және ұйымдастыру тобы қамтамасыз етеді. Барлық қашықтық бойында 10 веломедик, 90 медициналық ерікті, 13 медициналық бекетжәне 12 жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетеді. Сөре-мәреде «қызыл» және «сары» аймақтарға бөлінген мәрелік госпиталь жұмыс істейді. Жалпы 70-тен астам дәрігер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.