Алматыдағы дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықтың өмірін сақтап қалды

Жаңалықтар 8 мамыр, 2025

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына мойнынан төмен қарай қимыл мен сезімталдықтың толық бұзылуымен, ауыр жарақат алған пациент - Малайзия азаматы шұғыл түсті. Диагноз: тетраплегия. Қабылдау бөлмесінен ол дереу реанимацияға жіберілді, содан кейін шұғыл операция жасалды,- деп хабарлайды turkistan.today

Оның себебі қайтымсыз салдарға әкелуіі мүмкін С3–С4 деңгейіндегі омыртқааралық жарықтың жарақаттан кейінгі пролапсы болды.Марат Алматовтың жетекшілігімен нейрохирургиялық бригада күрделі операция жасады. 

Араласудан кейінгі алғашқы күні пациенттің сезімталдығы қалпына келе бастады, ал оныншы күні ол өздігінен жүре бастады.

Осындай жарақаттары бар пациенттердің 95%-ы өмір бойы төсек тартып қалады.

Бұл жағдай шынымен бақытты жағда болды және нейрохирургтардың, реаниматологтардың, анестезиологтардың және барлық медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігінің нәтижесі.

Алматыға сапар шегіп жүрген Малайзия азаматы Шымбұлақтағы тауларда демалып жүріп, басымен мұзға өте жайсыз құлады. 

«Құлағаннан кейін мен қолдарым мен аяқтарымды сезбедім, мүлдем сал болып қалдым. Мен тек әйелімді шақыруға ғана мұрсам келді. Жедел жәрдем шақырдық. Мен енді ешқашан тұрмайтын шығармын деп ойладым», - дейді зардап шеккен шетелдік. 

Оның айтуынша, ол операцияға дейін мүлдем қозғала алмаған. Бірақ операциядан кейінгі бірінші күннің соңында ол қолын қимылдатып, содан кейін қозғала бастаған. 

«Доктор Марат Алматовқа ерекше алғысымды білдіргім келеді - ол әрбір маман мұқият, позитивті және білікті керемет команда жинады. Бұл менің қалпына келуімнің басты негізінің бірі болды. Қазақстандық медицина көптеген басқа елдерден жоғары - бұл менің пікірім. Сіздердің қолдарыңыз алтын. Жаңадан өмір сүруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет айтам», - деп білдірді Малайзия азаматы біздің дәрігерлерге осындай шынайы алғыс сөздерін. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.