Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Бас консулдығының ықпалдастығымен және қолдауымен 2025 жылғы 28 мамырда қазақстандық «Air Astana» компаниясы Алматы-Ош-Алматы бағыты бойынша тұрақты әурейстерін ашты. Аталған рейстер аптасына төр рет – сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды,- деп хабарлайды turkistan.today
ҚР Ош қаласындағы Бас консулдығының хабарлауынша, алғашқы рейс Ош халықаралық әуежайына 28 мамырда сағ. 17:20-да келіп қонды, ұлттық ұшақты және алғашқы жолаушыларды Ош қаласы әуежайының басшылығы, қала әкімшілігінің жетекшілері, қазақстандық дипломаттар және жергілікті тұрғындар мен жолаушылар қуана қарсы алды.
Қазақстан мен Қырғызстанның оңтүстік астаналары арасындағы тікелей әуеқатынасы өзара туризм, іскерлік және экономикалық, мәдени байланыстардың жандануына, жалпы екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нығаюына игі ықпалын тигізбек.
Әуерейстері қазіргі заманғы Airbus A320 ұшақтарында жоғары сапалы қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, Алматы арқылы әлемнің ірі қалалары Дели, Мумбай, Сеул, Лондон, Франкфурт, Бейжің, Гуанчжоу, Үрімші, Пхукет, Бангкок, Нячанг, Дананг, Анталья, Ыстамбұл, Тбилиси, Батуми, Бакуге және басқа бағыттарға ыңғайлы ұштастырылған.
Қазіргі уақытта Астана-Ош-Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді келесі жылдан бастап ашу қарастырылуда.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.