"Алтын белгіден" үміткер еді: Ұстаздары жол апатынан қаза болған оқушылар туралы айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 20 желтоқсан, 2023

Мұғалімдері екеуі де мектептің мақтанышы болғанын айтты. 

Ақтөбе облысында пәндік олимпиадаға бара жатып қайтыс болған оқушылардың бірі 10,екіншісі 11 сыныпта оқыған. Мұғалімдері екеуі де мектептің мақтанышы болғанын айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

"Дәулет Қонақбай — өте алғыр, озат оқушымыз еді. Биыл мектеп бітіргелі отырған түлегіміз. "Алтын белгіден" үміткер. Математикадан жүйрік болды. Пәндік олимпиадаға да осы пәннен қатысуға бара жатқан еді. Ал 10-сыныпта оқитын Назкен Сайранқызы сабақты жақсы оқып қана қоймай, спортқа бейім болды. Гір көтеруден ауданның чемпионы, облыстық жарыстың жүлдегері, ал қол күрестен облыс чемпионы болды. Жарқырап тұрған балалар еді. Қазасы қабырғамызды қайыстырды", - деп еске алды Темірастау  орта мектебінің ұжымы.

Естеріңізге салсақ, кеше  Ырғыз ауданына бара жатқан жолда жеңіл көлік жүк көлігіне соғып, мұғалім мен екі кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар қайтыс болған еді. Олар республикалық пәндік олимпиаданың аудандық іріктеу кезеңіне бара жатқан.

747

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.