Алтын Орда дәуіріндегі туды сақтап жүрген әйелмен сұхбат

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркі тарихы 22 маусым, 2023

Орал тұрғыны Анаргүл Әмірова аталарынан аманаттап Алтын Орда туын осы кезге дейін сақтап келген. Бұл туды мемлекет қорғауына алсын деп бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Арыстанбек Мұхамедиұлы, Дәурен Абаев министр кезінде қабылдауларында болған. Ол ту Алтын Орда дәуіріне тиесілі екеніне ешкімді сендіре алмаған. Отандық ғалым Өмір Тұяқбай бұл туды зерттеп, шынында да Алтын Ордаға тиесілі екенін анықтаған. Осы орайда Massaget.kz порталының тілшісі ту иесімен де, ғалыммен де тілдесті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Арыстанбек Мұхамедиұлы "мына шүберекті неге әкелдің?!" деді

2016 жылы туды алып Астанаға бардым. 2 апта бойы Арыстанбек Мұхамедиұлының артынан жүгірдім. Менде Алтын Орда дәуіренен келе жатқан ту бар екенін айттым. Қабылдауын өтініп сұрадым. Ол кісі қарады да: "Мына шүберекті неге әкелдің?! Мен мынаның Алтын Орда дәуіріне жататынын қалай білемін. Бұдан бөлек те жұмысым көп!" деп шығарып салды. Оралға қайтып кеттім. Келе жатып Атырауда Зейнолла Самаш барын естідім. Сарайшықта жүр екен. Сол кісі бірдеңе айтар деп Зейнолла ағайды тауып алдым. Ол кісі де ештеңе айта алмады. "Мен Алтын Орданың маманы емеспін ғой. Менің зерттеуім басқа бағытта" деді. Қызылордада Батырбек деген реставратор жігіт бар екенін білдім. 2 аптадан кейін сол жігітке бардым. Кездесуде ол: "Мен мұндай жібек матамен жұмыс істей алмаймын. Алдымен оған қаражат бөлінуі керек. Ақша жоқ" деді.

Алтын Орда дәуіріндегі ту

Ешкім көмектеспеді

Кейін Астанаға қайтадан бардым. Барған себебім, белгілі ғалым Карл Байпақовпен кездесу еді. Ол Алматыға ұшып кетіпті. Ізінен мен де Алматыға келдім. Ол кісі туды қарап: "Күмәнсіз Алтын Орданың, тек хандықтың емес бүкіл Түркілердің туы бұл. Жошы ханның, хан ордасының тамғасы тұр. Ал қай дәуірге жататынын радиокөміртекті талдау анықтайды" деді. Содан кейін Алматыдағы Археология институтына бардым. Олар көмектесе алмады. Бірнеше музейдің есігін қақтым. Олар да дәрменсіз болып шықты. Қысқаша айтқанда, ешкім көмектескен жоқ.

Бұл жалауды әруақтар қоршап тұр

Бейбітшілік пен келісім мұражайына бардым. Оларға Алтын Орданың туын көрсетіп: "Сіздерге осыны аманат етіп тапсырайын. Қалпына келтіріп, халыққа таныстырайық. Бұл еліміздің мақтанышы емес пе?" деп айттым. Сол жердегі екі апай туды қарап: "Бұл жалауды әруақтар қоршап тұр, бұл туда қан бар" деді. Шынында да туға қан жұғып қалғаны рас. Себебі тумен бір адамның саусағы табылған болатын. Оны қаншалықты сақтаймын. Құран оқып, көмдірген болатынбыз. Музей қызметкерлері үкіметте мұндай дүниеге ақша жоқ екені, туға реставратор керек екенін айтты. Мен оларға тастап кеттім. Бір жарым жылдай сол жақта жатты. Кейін хабарлассам әлі ештеңе істемепті. Барып алып кеттім.

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.