«Алтынбек Қоразбаев 150 мың доллар салды». Заңгер әншілер қаржы пирамидаларына қалай алданғанын айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 29 желтоқсан, 2023

Заңгер Нұрсұлтан Орынбек әншілердің қаржы пирамидаларына қалай алданғаны туралы Нартай Аралбайұлының youtube-арнасына берген сұхбатта айтты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, осыған қатысты іс үш жылдан бері жүргізіліп келе жатыр.

Бұл ұйымға көптеген әнші алданған. Атап айтсақ, Бағдат Сәмединова 70 мың доллар, Гүлзира Айдарбекова үйін сатып, ақшасын берген. Шахизада әпкеміз, соның замандастары Алма Аманжолова, Сұлушаш Нұрмағамбетова, одан басқа Мирас-Құралай, Әйгерім Битанова, айта берсем, көптеген өнер иесі алданған. Алтынбек Қоразбаев 150 мың доллар салып, жартысын қайтарып алған. Ал одан кейінгі ақша салғандар оны ала алмаған. Қаржы пирамидаларының «бір бөлмелі үйіңді сатсаң, екі бөлмелі үй аласың, шетелге шығасың» дегеніне сеніп қалған, - деді ол.

Сондай-ақ заңгер Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты пікірін де білдірді.

Халықтың тарапынан бұл кісіге сұраныс болса, өзі қызметін заңды көрсетіп отырса, алаяқ деп қарастырмаған. Жалпы заңдық тұрғыда қарастырсақ, халыққа психологиялық курс сатуға шектеу қою керек деп идея айтқанмын. Әлі де қарастырып жатыр, - деді ол.

782

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.