«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов ұлтымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай бастау алған «Мен жастарға сенемін!» атты акцияға үн қосты, деп хабарлайды Turkistan Today.
Оған аталған челленджді ақын кіндік кескен Сарытомар ауылының 7 сынып оқушысы Жасмин Қалдыбек жолдады.
«Осы мерейлі датаны Мағжанның жерлестері – біздің балаларымыз бастап беріп жатқанына ерекше қуаныштымын. Мағжан дегенде ұлы ақын ғана емес, ұлтымыздың тар жол, тайғақ кешкен тағдыры, бар аяулы болмысы көз алдымызға келеді», – деген Ерлан Қошанов ақынның «Атақты ақын – сөзі алтын хакім Абайға» өлеңінен үзінді оқыды.
Сөз соңында партия Төрағасы эстафетаны Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулетке және қазақ тілін дамытуға зор үлес қосып жүрген отандасымыз Ольга Спиринаға жолдады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.