«Анасының мақтанышы»: Алтынай Жорабаева қызының ЖОО қызыл дипломмен бітіргенін айтты (фото)

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 8 шілде, 2023

Отандық әнші Алтынай Жорабаева төрт қыз тәрбиелеп отырған ана. Өнер иесі Instagram желісінде қызының ЖОО бітіргенін айтып, көпшілікке қуанышын бөлісті, деп Turkistan Today жазады KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. «Аллаға сансыз шүкір. Аяулым мектеп бітіргенде, «Арт менеджмент» мамандығын таңдап, таңғалдырып еді. Неге таңғалдым десеңіз, мен Шымкентте ХҚТУ-де, сол мамандықты бітірген едім. Оны Аяулым білмейтін.

Барып сол мамандықты таңдағанына таңғалдым. Анасының мақтанышы. Ал екінші таң қалдырғаны -қызыл диплом. Осы дипломыңның жемісін көр, Алла қаласа. Алланың беретін ризығы мол болсын, құлыншағым», — деп жазды Жорабаева.

Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. «Құтты болсын», «Қызыл диплом қызыңызға қызмет етсін», — деп жазды желідегілер.

 

1.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.