Анонимді Telegram арнасы БАҚ-қа жатпайды- Аида Балаева

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтар 30 қазан, 2024

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аноним телеграм-арналар туралы айтты

Мәжіліс кулуарында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аноним телеграм-арналарға қатысты ойын айтты,- деп хабарлайды turkistan.today

Ведомство басшысы сот шешімімен келіспегендер үкімге қарсылық білдіре алатынын айтты.

"Анонимді Telegram арнасы БАҚ-қа жатпайды. Бүгінде заңды сұрақ – неге кәсіби журналистер аноним телеграм-арналардың журналистерін қорғап жатыр? Жасыратыны жоқ, көбісі бұл анонимді Telegram арналарынан зардап шекті, себебі олар журналистика талаптарына, яғни ашықтық пен шынайылықты сақтамайды. Ал шағымды кәсіби журналист Гүлжан Ерғалиева түсірген. Мен оны кәсіби журналист ретінде білемін, бірақ, шынын айтсам, Әділбековті танымаймын", - деді министр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.