Аптасына екі рет провокацияға ұшыраймын – Ринат Заитов өзіне қарсы шабуылдар жиілегенін мәлімдеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 21 маусым, 2023

Ақын Ринат Заитов депутат болғалы көшеде өзіне қарсы провакациялық әрекеттер жиілегенін, сол себепті демалыс күндері сыртқа көп шыға алмайтынын мәлімдеді. Ол бұл жайында Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Turkistan Today.

«Астанада сенбі-жексенбі бір жаққа шыға алмайсың. Жолдастар шақырады, бара бермеймін. Себебі Қазақстанның халқы ең қатыгез бастық. Мен аптасына жоқ дегенде екі провокациядан өтемін. Өзімді ұстауға тырысамын. Кеше сондай бір оқиға кезінде жанымдағы адам «қатты өзгеріп кетіпсің» деп сабырыма таңқалды. Менде басқа амал жоқ. Қазір қарсы реакция көрсетпейтін болғанмын. Сүмірейіп тыңдап қана тұрам. Ары кетсе «сіздікі дұрыс емес» деуім мүмкін. Басқасына мүмкіндігім жоқ, өкінішке қарай бұрынғы Ринат жоқ, аузына келгенді айта салып, жағасына жармаса кететін», - деді Ринат Заитов. 

Провокация көбіне телефонға түсіру арқылы жүзеге асады екен.

«Бірінші қасыңа телефонымен келеді. Мысалы, өткенде жұмыстан келе жатсам бір көлік жаныма қатты тоқтап, ішіндегі екі әйел шыңғырып айғайлай жөнелді. Үнемі интернетте жүретін әйелдер, дауыстарынан таныдым. «Сен қатындармен ойнақтап жүресің» деп Жайдармандағы қазы болғаныма дейін айтып, әдейі ашуландырғысы кеп жатты. Қанша қатты айтқың келсе де, сабырмен жауап беруге тура келеді. Мұндай мысалдар көп. Ал достарыммен арқаны кеңге салып, кафеде отыратын болсам, оны аңдып отырғандар жетеді», - дейді депутат. 

Сұхбаттың толық нұсқасын
 https://www.youtube.com/watch?v=iCZffHA0gNs&t=713s сілтемесі арқылы көре аласыз.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.