Армия спортшылары әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Армия спортшылары әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

 

Қорғаныс министрлігінде Орал қаласында самбодан өткен шеберлер арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен әскери спортшыларға құрмет көрсетілді. Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов самбошы әскери қызметшілерді құттықтады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Үш күндік самбо жарысына 18 елден 35 жастан асқан 600-ге жуық татами шеберлері қатысты. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы подполковник Арман Әбеуов чемпион атанды. Ол 98 келіден асатын салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері атанды. Бір ай бұрын подполковник Арман Әбеуов шеберлер арасында дзюдодан өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, 100 келіден астам салмақ дәрежесінде үздік атанғанын еске саламыз. Сол кезде чемпион бұл қараша айының басында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Абу-Дабиде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болғанын атап өткен еді.

Қарулы күштердің тағы бір өкілі – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімі гарнизондық спорт кешенінің бастығы аға лейтенант Талғат Әміренов те 98 келіден жоғары салмақта бірінші орынды иеленіп, алтын медаль иегері атанды. Осы өңірлік қолбасшылықтың тағы бір спортшысы –  63310 әскери бөлімінің сержанты Диас Құрықбаев 71 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.

Спортшыларды марапаттаған генерал-полковник Руслан Жақсылықов оларға спорт пен әскери мансапта биіктерге жете беруге тілектестігін жеткізді.

– Әскери қызметші үшін спорт қызметте табысқа жетудің маңызды құралдарының бірі болып қала береді, – деді  министр. – Ал армия қатарындағы спорттық самбо әскери адамды жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейтін танымал спорт түрлерінің бірі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0