Арыс қаласының әкімі тағайындалды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 3 желтоқсан, 2024

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Арыс қаласы мәслихатының келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімі болып Маңқараев Қайсар Зәкірұлы тағайындалды,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімді қала активіне таныстырып, бірқатар тапсырма жүктеді. 

– Бүгін қаладағы кадрлық өзгерістерге байланысты жиналып отырмыз. Арыс қаласының әкімі қызметін атқарып келген Гүлжан Мамытқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызметінен босатылды. Гүлжан Мамытқызы өзін білікті басшы ретінде таныта білді және қаланың дамуына өз үлесін қосты. Алғысымызды білдіреміз. Бүгін қалаға жаңа әкім тағайындалып отыр. Облыстың бағыты – өндіріс және жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту, экономиканы көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Қайсар Зәкірұлына осы бағытта белсенді жұмыс істеуді тапсырамын. Логистикалық әлеуеті жоғары Арыстың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, өндірісі дамыған қалаға айналдыру қажет. «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, аймақты абаттандыру да маңызды, – деген Дархан Сатыбалды басым бағыттарды белгілеп берді.

Қайсар Маңқараев 1979 жылы, 9 сәуірде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандықтары: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 16 жыл, 9 ай. Еңбек жолын 2000 жылы бастап, Шымкент қаласында, «Береке» ЖШС-інде кассир, менеджер, экономист болып жұмыс істеген. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті  басқармасының дәрменсіз кәсіпорындарға мониторинг бөлімінің жетекші маманы болды. 2016-2022 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды. 2022 жылдан бері Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келді. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.