Таяуда ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері еліміздегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) ұйымдастырылған тұрақты даму саласында басқару мен есеп-қисап жүргізу мәселелері жөніндегі семинарға қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Аталған семинарда халықаралық сарапшылар басқару мен ақпаратты ашу стандарттары арасындағы үйлесімді, сондай-ақ есеп-қисап жүргізудің ашықтығын нығайтатын стратегиялық құралы ретінде есеп жүргізудің маңыздылығы мен орнықты даму контекстінде тұрақты тәжірибелерді ілгерілетудің жолын көрсетті.
Бұл ретте ҚР Қаржы министрлігі орнықты даму жөніндегі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын сақтау жөніндегі талапты заңнамалық тұрғыда белгілеуді жоспарлап отырғанын айта кетейік.
Осы бағытта Қазақстанның бизнес құрылымдары мен кәсіби қауымдастықтардың тиісті мамандарын оқытуды қоса алғанда, мүдделі тараптармен жоғарыда аталған стандарттарды енгізуге байланысты талқылаулар өткізіліп келеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.