Әскери қуаты бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 145 елдің ішінде 63-орында

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 6 наурыз, 2023

ҚР-да 2022 жылдың соңына қарай мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секторына инвестиция екі еседен астам өсті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Global Firepower әскери қуатының деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 145 елдің ішінде 63-орында. Елдің индексі 1,0873. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, мемлекеттің әскери қуаты соғұрлым жоғары деген сөз.

Рейтинг сарапшылары 60 түрлі факторды бағалады, оның ішінде қорғаныс шығындарының деңгейі, техника мен құрылғының арсеналы, әскердің көлемі, танктердің, кемелердің, ұшақтардың және басқа да әскери техникалардың саны, мұнай, көмір және т. б. ресурстарға қолжетімділік. Бұлар әскердің жауынгерлік қабілетіне әсер етеді. Бұл ретте ядролық қарудың болуы ескерілмеді.

Әскери қуаты ең жоғары елдер — АҚШ, Ресей және Қытай. Бутан рейтингтің ең соңында.

ТМД елдерінің ішінде Ресейден басқа Қазақстан Украина*, Әзірбайжан, Беларусь және Өзбекстаннан төмен. Рейтингте Қазақстаннан төмен Түркіменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова орналасқан.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

Қазақстаннан жоғары тұрған ТМД елдерінің ішінде Ресей қорғаныс саласына 82,6 млрд АҚШ долларын, Украина 30 млрд АҚШ долларын, Әзірбайжан 3,1 млрд АҚШ долларын жұмсайды. Бұл ретте Беларусь пен Өзбекстанның бюджеті Қазақстандағыдан бірнеше есе төмен болып шықты: Қазақстанда 2,6 млрд АҚШ доллары болса, аталған екі елде тиісінше 723,1 млн және 692,5 млн АҚШ доллары.

Global Firepower сарапшыларының мәліметінше, ҚР авиациясында 237 ұшатын құрал, соның ішінде 75 жауынгерлік тікұшақ, ал ұшақтардың ішінде — 39 шабуылдаушы ұшақ, 81 жойғыш, 17 көлік және 25 оқу-жаттығу ұшағы. Елдің құрлықтағы күштерінде 300 танк, 5,2 мың бронды тасымалдаушы, 246 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, 456 сүйретілетін артиллериялық қондырғы және 407 көп реттік зымыран жүйесі бар.

Әскери қызметкерлердің жалпы саны 77 мың адамды құрайды, оның 45 мыңы белсенді әскерилер, 32 мыңы әскерилендірілген құрамаларға жатады.

Биыл қаңтар айында мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 10,6 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғыдан 24,1 есе көбейді.

Жалпы, 2022 жылдың 12 айында бұл көрсеткіш 161 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық.

Өңірлер бойынша биыл қаңтар айында ең көп инвестиция Маңғыстау облысына түсті: 4,6 млрд теңге. Екінші және үшінші орында Абай және Түркістан облыстары: тиісінше 2,8 млрд және 2,7 млрд теңге.

Сектордың негізгі капиталына салынған инвестициялар портфеліндегі қаражаттың басым бөлігі банктік емес қарыз: 10,5 млрд теңге немесе бірден бүкіл портфельдің 98,6%-ы.

Жергілікті бюджет есебінен инвестиция 31,5 млн теңгені, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 120,8 млн теңгені құрады.

1.9k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.